Ұлттық тәрбие ұядан басталса...

Баспаға жіберу
Қолданушылардың рейтингісі: / 3
ЖаманыЖақсысы 


Арыстандай айбатты,

Жолбарыстай қайратты.

Қырандай күшті қанатты –

Мен жастарға сенемін, -

деп жырлаған Мағжан атамыз болашақ ұрпақтың жарқын болашағына зор сенім артып кетіп еді. Кеңестік идеологияның қылышынан қан тамып тұрған сәтте еркіндікті аңсай жүріп, өздері көре алмаған тәуелсіздік келер ұрпаққа бақ боп бұйырғанын қалады.

 

Сен неткен бақытты едің келер ұрпақ,

Қараймын елесіңе мен таңырқап, -

деген өлең жолдарында Қасым Аманжолов та жас толқынды күтіп тұрған баянды шаққа қызыға да қызғана қарайды. Иә, шүкір дейміз, бейбіт елде өмір сүріп жатқанымызға, міне, биыл талай жылғы күрестің нәтижесінде қол жеткізген тәуелсіздігіміздің 20 жылдығын тойлағалы жатырмыз. Әңгіменің өзегі – тәуелсіздік шаңырағы астында өсіп келе жатқан жастардың, яғни менің құрдастарымның бет-бейнесі болмақ. Қазағымның ардақты ұлдарына арман боп кеткен тәуелсіздіктің қадірін біле ме осы ұрпақ?! Әй, қайдам... Тарих беттеріне көз жүгірту азаттығымызға бастар сүрлеулер мен соқпақтарды жалаң аяқ жүріп өткеннен де қиынырақ олар үшін (көпке топырақ шашудан аулақпын). «Шайнап бергенді жұта алмайды» деп мектептегі апайларымыз  ұрсушы еді, құрдастарымның өз тамырына деген немқұрайлығы, болашағына деген енжарлығын өкінішке орай, басқаша айта алмайсың.

Біз қазір роботтар тәрізденіп кеттік пе, қалай?! Отырсақ та, тұрсақ та айналамыздың бәрі автоматтандырылған, біз үшін барлығын техника жасайды. Мұны ғылымның қол жеткізген жетістігі деп мақтануымыз орынды, дегенмен технологияның қазіргі «ғажайыптары» жастардың ойлау қабілетін, рухани әлемін байытудың орнына аздырып жатқан жоқ па? Сананы тұрмыс билеген тұста замана ағысынан қалыс қалмау үшін жанталасып жүргенде менің айтып отырғандарыма кім басын қатырсын? Жастарды бұдан гөрі «ауқымырақ» мәселелер мазалайды.  Қатарластарым қалмай танымал брендтерден киінсем, соңғы үлгідегі телефоным болса дейді. Жігіттер сұлу қыздарды, қыздар қалталы жігіттерді армандайды. «Ақша деген мал шықты» деп ашынып жырлап еді зар заман ақындары. Сол ақша – бүгінгі өміріміздің нысанасына айналды, әккі мергенше соны көздейміз, соған асығамыз. Ақша табам деп азаннан кешке дейін сабылған ата-анасын көріп өскен баласы бар қиындықтың шешімі, рақат өмірдің кілті – ақша деп ұғады. Орыстар айтпақшы, алма өз ағашынан алысқа түспейді ғой.

2009 жылы жүргізілген санақ бойынша, 14 пен 28 жас аралығындағы жастарымыздың саны – 4 044 660 екен. Бүкіл халықтың үштен бір бөлігін құрап отырған осы буынның қоғамдағы салмағын бағамдай беріңіз. Жастар – елдің ертеңі десек, оларға қараңыз да, тұтас бір ұлттың, тұтас бір мемлекеттің келешегін елестетіп көріңізші. Сізге не елестегенін білмеймін, ал өзімнің әншейіндегі жүйрік қиялымның дәл қазір қарқыны бәсең. Ұлт демекші, ертеңгі күнге жеткізердей біздің (жастарды айтам) бойымызда қандай ұлттық белгі қалды?Ұлттық киім тұрмысқа лайық емес деп жылы жауып қойдық,мерекелік іс-шараларда ғана киіп, өз киімімізді алғаш көргендей таңырқай қараймыз. «Ұлттық киімді заман талабына сай жетілдіретін, әсемдейтін шеберлердің қолөнері менеджерлердің одақтасуы, олардың бастамасын қолдайтын мемлекеттік жобалар болуы керек. Сонда ғана насихат – нақты іске, пайдалы іс – өмір салтымызға ене бастайды», - дейді  әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры Жақан Молдабеков. Бір деңіз. Ұлттық тағамның да жағдайы мәз емес, аттарын санамалап бергенімізбен, жасау технологиясынан, ұлттық мінезімізге тән қасиеттерінен бейхабармыз. Адамның табиғаты жеген тағамына ұқсас келеді деп жатады, ата-бабамыз жылқыдан өзге мал етін жемеген екен, сондықтан жылқы жануарындай сымбатты, қайсар, асыл мінезді болған. Ал бүгінгі рационымыздың сиқы мынадай: қытайдың жедел әзірленетін кеспесі, «халал» деп таңба басылған шошқа шұжықтары, түрік ағайындардың  дөнер-кебабы, американың «Кока-коласы», бургерлердің түр-түрі... санай беруге де ұялады екенсің. Қалтаңызды қағып қана қоймай, денсаулығыңызды да ойрандайтын бұл тағамдардың құрамына көз саласыз ба? АҚШ-тың брендiне айналған кока-коланың әлемге таралғаны соншалық, бұл газдалған сусынның дүние жүзiнде секундына 8 мың стақаны iшiледi екен. Жуырда Грекиядағы Иоаннин университетінің докторы Моше Элисаф жетекшілік еткен зерттеушілер тобы тәтті сусындардың кең таралған бір түрі «Кока-Коланың» ағзада калий жетіспеушілігін тудыратынын анықтады, ал ұзаққа созылған калий жетіспеушілігі сал ауруына, яғни, мүгедектікке апарады.  Сусын құрамына бояу беру мақсатында кошениль құрты қосылатынын өндірушілердің өздері де мойындаған. Егер жүргiзiлген тәжiрибелерге сүйенсек, бiр стакан кока-колаға салынған кесек ет бiраз уақыттан кейiн бүрiсiп, кiшiрейiп кетедi екен. Балалардың бас сүйегіне, ойлау қабілетіне орасан зор зиянын келтіретін мұндай сусыннан гөрі өзіміздің қымызды ішіп, әжеңнің жасаған құрт-ірімшігін жесең ғой. Өзіміздің ұлттық экономикамызды қолға алудың орнына өзгенің қалтасын қалыңдатып әлекпіз. Ұлттық сусын – қымызымыз өз алдына жеке әңгіме.  Оны да ұқсатып жатқанымыз шамалы. «Қазақстан» ұлттық телеарнасында өндірістік тәжірибеден өтіп жүргенімде, қымыздың ерекше қасиеттерін, жасалу технологиясын зерттеп, өз елінде кәсіп көзіне айналдырған Ганс Цольцман есімді неміс азаматының Қазақстанға сапарын түсіруге бардық. Әлгі неміс қымыз жайлы айтқанда, біздің қазақтың аузы ашылып қалды. Ганс Цольцман қымыз құрамындағы емдік қасиеті бар заттардан косметикалық өнімдер шығаруды да қолға алған екен.  Осындайда «қолда  бар алтынның қадірін білмейтін қазағым-ай» дейсің еріксіз басыңды шайқап. Мұны екі дейік.

Күрмеуі көп тілдің жайынан бастасам, менің достарым оқығысы келмей, қолын бір сілтеуі мүмкін.Тілдің қадірін түсірді деп айып етпеңіз, жамағат. «Айта-айта жақ талды, айта-айта жатталды» деген жаңылтпаш қазақ тілінің тағдырына қатысты дөп басып айтылғандай. Ашық хаттың жайы анау, еліміздің «қаймақтары» «аққу, шортан, һәм шаянның» ісіне басып, өзімізді өзіміз жерге қараттық. Билік басындағылар заң шығарғыш боп алды, біреуінің сиясы кеуіп үлгермей, екіншісін дайындап қояды. Ол заңның соңы дау-дамайға ұласып, бір-бірімен жаға жыртысып жатады. Ымыраға келе алмаған соң, халық наразылығына ұласпасын деп жылы жауып қоя саламыз. «Өзінің қабылдаған заңын жүзеге асырмаған мемлекеттің болашағы жоқ» деп Сократ айтқандай, ауызбен орақ орғанды қойып, іс-әрекетке көшетін уақыт баяғыда туып қойған. Тілдің қолданысын кеңейту үшін қажеттілік тудыру керек, қатаң талап қоймайынша, өзге ұлт тұрмақ, өз ұлтымыз да немқұрайлылықтан арылмайды.  Қазақ жастары қазақ тілін білмейді емес, біледі. «Ел» апталығы келтірген деректерге сүйенсек, елімізде жастардың 82,9 пайызы қазақ тілінде ауызша түсінеді, 75 пайызы еркін оқи алады, 71,8 пайызы еркін жаза алады. Қазақ жастарының 98,4 пайызы қазақ тілін ауызша түсініп, 96,1 пайызы еркін оқи алса, 94 пайызы еркін жаза алады екен. Яғни, бұл көрсеткіштер – қазақ жастары түгелдей дерлік мемлекеттік тілді біледі деген сөз. Бірақ, өз араларында тіл де танымал брендтің киімі немесе қымбат үлгідегі қалта телефонымен пара-пар болғандықтан, сәннен қалмай, орыс тілінде сөйлегенді мәртебе көреді. Ал, қазір ағылшын тілін білмеген жас мұнысынан ұялатын болды. Ағылшынша сөйлесе болды, мұрнын шүйіріп шыға келеді. Теледидардан үзіліссіз жүретін жарнамалар жас буынның сөйлеу тілінің дамуына кедергі болып отыр. Статистика бойынша, жастардың тек 9%-ы ғана жарнамаға көңіл бөлмейді, 18-21%-ы жарнаманың барлық түрін көреді екен.

Асылы, бізді құртатын –еліктегіштік, өзгенікін өзіміздікіндей иемдене саламыз. «Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады» деп Ахмет атамыз айтқандай, тіл тағдыры қыл үстінде тұрғанда, тілдің төл туындысы, тілмен бірге өсіп-өнетін халықтың тарихы мен өнерін, салт-дәстүрін қозғаудың маңызы қанша? Жастарға ұлттық тәрбие беруді өз тілімізден бастау керек. Төл әдебиетіміз, ұлттық музыкамыз, ата-бабадан қалған дәстүрлеріміз, тарихымыз ұлттық нышандарымыз ана тілімізбен ғана сіңіріліп, туған тілімізбен бірге өсіп-өнеді.

Жастардың бойына ұлттық тәрбиені сіңіруде қазақтың ақын-жазушыларының шығармаларының, ұлттық БАҚ-тың рөлі ерекше екені белгілі. Телесоциологтардың зерттеуінше, өркениетті елдерде адамдардың тұлға ретінде қалыптасуында 45 пайыз басымдық телехабарларға тиесілі екен. Саяси ғылымдардың докторы, профессор Әбдіжәлел Бәкір: «Қазір жас-тар кітап, газет-журнал оқымайды. Мен өзім университетте сабақ бере жүріп шәкірттерімнен «Абай жолын» кім оқыды?» деп сұрасам, екі-үшеуі ғана оқыған болып шығады. Қазақстанда күні бүгінге дейін ұлттық ақпараттық кеңістік қалыптаспай отыр. Ұлттық БАҚ жастарға тәрбие беретін деңгейге әлі толық көтеріле алған жоқ.» дейді. Расында да, 100% мемлекеттік тілде сөйлейтін арнаға енді ғана қол жеткіздік. Кеше тұсауы кесілген «Мәдениеттен» де күтеріміз мол, егер өзге тілдің үлесі діттеген межеден асып кетпесе...

Қазіргі таңда ең жедел ақпарат көзіне айналған ғаламтордың қазақ жастарының ұлттық санасына сызат түсіріп, батыс өркениетімен шимайлап  жатқанын жоққа шығара алмаймыз. «Биылғы жылдың сәуір айында жүргізілген ҚазҰУ-дың әлеуметтанулық зерттеулер және әлеуметтік инжиниринг орталығының зерттеулері бойынша сұрау салған қыз-жігіттердің тең жартысы кітапханаға тек оқу бағдарламасындағы кітаптарды алуға келеді» , – дейді әлеуметтану ғылымдарының докторы, профессор, әл-Фараби атында­ғы Қазақ ұлттық университетінің әлеу­меттанулық зерттеулер және әлеуметтік инжиниринг орталығының директоры Гүлмира Әбдірайымова. Олардың тек 11%-ы ғана көркем әдебиет оқиды. «Сіз өзіңізге қажетті ақпаратты қандай дерекнама көздерінен аласыз?» деген сұраққа:  62%-ы ғаламтордан, 26%-ы ғылыми әйгілі кітаптардан, 12%-ы ғылыми журналдар мен жарияланымдардан аламыз деп жауап берген.

Заман азып не қылсын,

Ай орнына туады,

Күн орнынан шығады,

Мұның бәрі адамнан, - деп еді Мұрат Мөңкеұлы заманын кіналаған жандарға. Жас ұрпақтың бойындағы жат қылықтың бәрін заманның азғаны деп итере салатын ата-аналарға ойланатын уақыт келді. Күйбең тіршілікті бір сәтке ысырып қойып, балаңыздың іс-әрекетіне зер салып көріңізші. Түптеп келгенде ұлттық тәрбиенің іргетасы отбасында қаланатынын ұмытпайық!

Анар Лепесова

 

Жаңартылған ( 14.12.2011 08:15 )  
Мақала қызықты болса? Достарыңызбен бөлісіңіз:

Comments  

 
0 #1 Жанар 2012-02-03 07:46
тарбие уядан басталадыны белгили гой... биракта казир кай балага асык ойнатып, алтыбакан тепкизе аласын?????
Quote
 
 
0 #2 Айгерим 2012-04-10 13:18
Тәрбие-отбасынан басталады.Қазіргі кезде ата-аналар балаларына қаншалықты тәрбие беріп жатыр?
Quote
 
 
0 #3 Айгерим 2012-04-10 13:24
Бұл заманда ақша деп азаннан-кешке дейің жұмыс істеп,балам жесің,ішсің ,оқысың,басқа балалардан қалмасын деп әке-шеше шыр-пыр болып жүр.Осыны балалар түсіне мекен???
Quote
 
 
0 #4 толғанай 2012-04-14 17:00
менимше балабақшаларда, мектептерде және де ЖОО-да да
ұлттық тәрбие курсын көбірек оқытып,тұлғаның бойына тереңірек сіңіру керек сияқты.
Quote
 

Пікір қосыңыз

Проза

АЛАР (әңгіме)

 

 

quot;times new roman

quot;times new roman

Келушілер

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін387
mod_vvisit_counterКеше483
mod_vvisit_counterОсы аптада870
mod_vvisit_counterӨткен аптада3785
mod_vvisit_counterОсы айда9683
mod_vvisit_counterӨткен айда15461
mod_vvisit_counterБарлығы82257

Online (20 minutes ago): 12
Your IP: 38.107.179.212
,
Бүгін: Мамыр 20, 2012

Біздің серіктестер

 

Интернет портал

 

 

Келушілер

mod_jvcounter mod_jvcounter mod_jvcounter mod_jvcounter mod_jvcounter
27
432
27
9463
59692
38.107.179.212
20-05-2012 18:33:03
6
0
6

Сіздің жарнамаңыздың орны!