Шүкір, Қазақ интернетінің даму деңгейі жақсы. «Абай» порталы, «Аламан» спорттық порталы, «Намыс», «Замандас», «Қазақия кітабы», «Мінбер» сынды интернет ресурстар қазір көш басында. Соңғы жылдары интернет сайттарының дизайнын жасап көпшілікке танылып жүрген веб дизайнер Аршат Оразовпен сұхбаттасқан едік.
Сайттарға дизайн жасаумен қашаннан бері айналысып журсіз? Кайдан үйрендіңіз?
Сайт жасаумен студент кезден айналысамын, дәлірек айтқанда 1999 жылдан бері. Өз бетіммен үйрендім. Ол кезде қазақша сайттар жоқ болатын, қазақша неге жасап көрмеске деген қызығушылықпен басталды. Ал негізгі мамандығым туризм және қонақүй менеджері. Бірақ кәсібім сайт жасау болып кетті.
Мемлекеттік ұйымдар, мекемелер, газет-журналдар, спорт, әдебиет, музыка тақырыптарында және жеке блогтарды қоса санасақ 30-ға жуық сайт жасаппын.
Қазақ интернет ресурстарына қалай қарайсыз? Олардың дамуы қалай?
Шүкір, бұрынғыдай емес сайт саны көбейіп келеді. Тіпті кейбір тематикалар бойынша бәсекелес, қарсылас сайттар да бар. Бәсеке, жарыс болған жерде әрине даму болады.
Казакстандагы дизайнерлер туралы не айтасыз?
Елімізде веб саласында жүрген адамдардың көпшілігі өз беттерімен үйренгендер. Бізде оның нақты бір оқуы жоқ. Сондықтан анау кәсіпқой, мынау әуесқой деп айту қиын. Ал былай отандық дизайнерлердің қарқыны жаман емес, әрине мен Қазнеттің орысша бөлігі туралы айтып отырмын. Қазақша бөлігі 10 жылға артта келеді. Мысал ретінде «грандтар» болып саналатын Абай.кз, Жасалаш, Айқын сайттарын қараңыз. Жаңа ғасырдың бастапқы жылдары сайттар осындай болатын.
Мәселен бір адам сайт ашқысы келсе оның дизайнына шамамен неше теңге кетеді?
Сіз мысалы үй салдырғыңыз келіп құрылысшыға барып сұрайсыз «маған әдемі үй керек еді» деп. Ол не деп жауап береді? Әрине үйдің көлемі, сәулеті, сапасы, т.б факторларды есептей отырып сізге әр түрлі баға ұсына алады. Сайт жасау да солай, нақты бағасы жоқ.
Еңбегіңізді біреулер пайдаланып, жеп кеткен кездер болды ма?
Естуімше кейбір ұйымдар және тұлғалар интернетте басқа бріеулердің жасаған дүниелерін өзі жасағандай қылып көрсетіп, есеп беріп жүрген көрінеді. Әрине мұндай гомосексуалистердің тірліктерін өз көзіңмен көрмей дәлелдей алмайсың. Ұсталмаған ұры емес. Аллаһ бәріне куә, жазасын да өзі береді.
Соңғы жасаған сайтыңыз?
Соңғы жасағаным – Мұқағали журналының сайты www.mukagali.kz Көркемдік жағынан сәтті шықты деп айтуға болады. Ал мазмұнына әрине редакция жауап береді. Маған мысалы мазмұны ұнамайды. Ақынның өлеңдерін оқығым келеді, бірақ сайтта тек ақын рухына бағышталған өлең, мақалалар ғана табуға болады.
Осы күнге дейін жасаган сайттарыңыздың ішінен ең сәтті шықаны қайсы?..
Соңғы жасаған сайтым Мұқағали журналы сайтын әдемі дер едім. «Аламан» спорттық порталы ең активті, «Дастан» студиясының сайты Меломандар үшін пайдалы, «Намыс» журналының сайты ұлтшыл, «Егемен Қазақстан» газетінің сайты салмақты деп айта алар едім.
Жақында «Кездесу.kz» атты жеке портал аштыңыз...
Иә, орыстарда «Менің әлемім» (Мой мир) деген ұлттық портал бар Ал мен ашқан «Кездесу.kz» қазақтың ұлттық порталына айналса деймін. Ендеше, барлығымыз «Кездесу.kz» порталында кездесейік.
Өзіңіз спортқа жақын екеніңізді білеміз. «Ақтөбе» футбол клубының жанкүйерісіз. Кейінде фанаттардың басшысы да болғансыз. «Ақтөбенің» жеке сайтында жасадыңыз. Қазі Астанада қызметіңіз. «13 сектормен» байланысыңыз үзілген жоқ па?
Байланыс үзілген жоқ әрине, қазір Астанадағы ақтөбеліктерді жинап 13-сектордың Астанадағы филиалын құру жолындамыз. Қарағандының Шахтерымен Теміртауда өткен ойынға барып келдік. Алда Локомотив, Оқжетпес матчтары. Бұл ойындарда сүйікті командамызды қолдаусыз қалдырмаймыз әрине.
«Жұмысыңызға табыс тілеймін. Әңгімеңізге рахмет.






www.maxikz.com
Assalaumagalikum
Jalpy kazakh eli internet teknologiyasynda kop keride halyp hoigambyz!
Birah joh emes shukur azda bolsa bul salada at salyp jurgen azamattar var!
веб дизайнер Аршат Оразов myrzany taysuga shahyram mahul korse!
Webmaster S.Makhsat www.maxikz.com