Алдағы дағдарыстан төрт қауіп бар

Баспаға жіберу
Қолданушылардың рейтингісі: / 0
ЖаманыЖақсысы 

«Әлемдік дағдарыс тағы келе жатыр. Алайда, қаржы дағдарысы 1-2 жылмен бітпейді. Шын мәнінде, бұл дағдарыс бірнеше жылға созылуы мүмкін.

Біз де соған қамдануымыз керек», − деп мәлімдеді Астанада өткен «Еркін сөз» клубының кезекті отырысында экономика ғылымдарының докторы, «Ғалымдардың еуразиялық экономикалық клубы» қауымдастығының ғылыми жетекшісі Арыстан Есентүгелов. Белгілі сарапшы-ғалым осы жиында әлемдік дағдарыстың бізге ықпалы қалай болатыны жөнінде әңгімелейді.



Берік Уәли: Жалпы алдағы жылдан не күтеміз? Экономикамыздың жағдайы қалай болмақ? «Ойбай, дағдарыстың тағы бір толқыны келе жатыр» деп бүкіл әлем жар салуда. Бізге осының ықпалы қалай болмақ?
Арыстан Есентүгелов: Шындығына келсек, қазіргі кезде әлемдік экономикада екі қуатты экономика бар. Ол – АҚШ пен ЕуроОдақтың экономикасы. Ал Еуропаның жағдайы өте қиын. Егер кәрі құрлықтың экономикасы рецессияға түссе не болады? Онда біздің «экспортымыздың 55 пайызы қысқарады» деген сөз. Нақтырақ айтқанда, біздің Еуропа елдеріне экспортқа шығаратын тауарларымыз: мұнай, металл, химия өнімдеріне деген сұраныс азаяды. Бұл – бірінші фактор. Екіншіден, Еуропаның экономикасының құлдырауы АҚШ пен Қытайға да залалын тигізеді. Өйткені, АҚШ 10-12 пайыз өз өнімдерін Еуропаға жібереді. (Басы 1-бетте)

Оның үстіне, Еуропа мен АҚШ банктік жүйеде бір-бірімен өте тығыз байланыста. Қаржылық қызмет көрсету бірінші орында тұр. Сондықтан, банктердің барлығы құрдымға құлайтын болса, бір-бірін ала кетеді. Бұл жағдай әлемдік нарықта мұнайдың бағасын төмендетуге әкеліп соқтырады. Мұнай біздің экспортымыздың 50 пайызын құрайтындықтан, бұл экономикамызға зиянын тигізетін екінші фактор. Үшіншіден, Еуропаның экономикасы рецессияға түскеннен кейін, оның еуросы құнсыздана бастайды. Ол қазіргі экспорт бойынша 1 доллар 20 центке дейін төмендейді. Олай болса, қазақтың мұнайының да бағасы кемиді. Мұнай бағасы төмендегеннен кейін, экспортымыздың көлемі қысқарып, бізге келетін кіріс азаяды. Бұл жағдай біздің экономикамызға әжептәуір залалын тигізеді. Төртіншіден, Қытайдың экономикасының да даму деңгейі төмендеп келеді. Оның бізге ықпалы қандай? Бүгінгі таңда біздің экспортымыздың 16,5 пайызы Қытайға шығарылады. Ал егер Қытайдың экономикасы 6-7 пайызға дейін төмендесе, бізден алатын металдарға деген сұраныс азаяды. Бұл – төртінші фактор. Осы 4 фактор бойынша, Қазақстанның экономикасының даму деңгейі менімше, 1-2 пайызға дейін төмендейді. Отандық банктер анау 2008 жылғыдай шетелден қомақты қарыз алған жоқ. Мәселен, шетелдерге тиесілі қаржының 8 пайызы – Үкіметтікі, 24 пайызы – банктердікі, 130 пайызы – корпоративтік компаниялардікі.
Берік Уәли: Ал біздің ел осы дағдарысқа қаншалықты дайын?
Арыстан Есентүгелов: Біздің экономиканың 1-2 жылдың ішінде дағдарысқа дайын болатындай мүмкіншілігі жоқ. Ол ұзақ уақытқа созылады. Ең алдымен, нендей кемшілігіміз барын білуіміз керек. Әрине, экономикалық өсімді 3-4 пайызға өсіруге болады. Өйткені, бізде 80 млрд АҚШ долларына жуық резервтік қаржы бар. Сол ақшаның 15-20 пайызын жұмсасақ та, ұлттық экономикаға қолдау жасай аламыз. Алайда, бізде қарыздары көп банктер де бар. Олардың 37-40 пайызға дейінгі қарыздары әлі төленбеген. Бұл – төленуі қиын несиелер. Бұл жағынан отандық банктердің дағдарысқа төтеп беруі әлсіз.
Төлен Тілеубай: Шын мәнісінде, біздің сыртқы қарызымыздың көлемі қанша? Одан экономикамызға қандай қауіп бар?
Арыстан Есентүгелов: Жалпы сыртқы қарызымыздың көлемі – 124 млрд АҚШ долларын құрайды. Соның ішінде, 130 пайызы – үлкен кәсіпорындардікі. Олардың арасында шетелдік кәсіпорындар да бар. Өзіміздікі де бар. Ал түптеп келгенде, біз бұрынғыдай сырттан көп қарыз алған жоқпыз. Соның әсерінен төлемдік балансымыз қалыпты жағдайда. Бізде сауда балансы өте жоғары. Тек үлкен тапшылық капиталда ғана. Бірақ сауда балансы оны жауып отыр. Сондықтан мемлекеттің сырттан көп қарыз алуға қызығушылығы жоқ. Мұнайымызды көптеп экспорттап жатқандықтан, біз қазір қарыз алмаймыз. Бұл жердегі басты мәселе сол қаржыны ретімен, керекті жеріне жұмсай білуде. Екіншіден, біздің мұндай жағдайдан қорықпауымыз үшін экономиканы сауықтыру керек. Өйткені, бізде не көп – сыбайлас жемқорлық көп. Мәселен, БҰҰ-ның бағалауы бойынша, Ресей әлемдегі 183 елдің ішінен 178-ші орында тұр. Ал біз 2-3-ақ орын Ресейден алдамыз. Үшіншіден, біздің шенеуніктерімізде бюрократтық өте жоғары. Бірақ құзырлылық, кәсібилік жетіспейді. Бұл – өзімнің тәжірибемнен, зерттеулерімнен түйгенім. Мейлі, олар Гарвардты бітірсе де, мемлекеттің экономикалық мәселелерін шешуге келгенде, біліктілігі жетіспейді.
Залдан қойылған сұрақ: Біздің Кедендік Одаққа кіруіміз қарапайым адамдардың тұрмысына кері әсерін тигізбей ме?
Арыстан Есентүгелов: Әрине, ондай Одақ құру – заңды үдеріс. Өйткені, әлемдік экономикада жаһандану жүріп жатыр. Барлық экономикада ашық саясат ұстанған елдер ұтады. Яғни бәсекелестігі жоғары елдер ұтады. Мысалы, менде тауар жоқ болса, қазақстандықтар арзан тауарлардан құны жоғары тауарларды да алатындай мүмкіншілігі болуы керек. Менің қорқатыным – Ресейден оны күту мүмкін емес. Өйткені, Ресейдің шығаратын тауарларының бәрі – өте құнсыз тауарлар. Соны біліп қытайлар орыстан тауар алуды күрт қысқартты. 10 пайызын ғана қалдырды. Мысалы, біздегі «Жигулиге» қараңызшы, неше жыл болды? Әлі де сол «Жигули», сол «Волга». Енді салыстырып көріңіз: осы уақыт ішінде «Мерседес», «Тойоталардың» қаншама жаңа модельдері шықты. Ал, Ресейдікі – сол баяғы «Жигули». Тіпті орыстардың зымырандары да ұшпай, жерге құлап жатыр. Оның үстіне, Ресейдің өзін алып қарасаңыз, жасанды тауарлар. Анау шұжығын, не жеміс-жидектерін алайық. Бәрі – жасанды. Бір өкініштісі, біздің Ресейден импорттайтын тауарларымыз көбейіп кетті. Бұрын 22 пайыз болса, қазір 44 пайызды құрайды. Егер біз тезірек ДСҰ-ға кіргенде Еуропадан қаншама импорт алатын едік. Қазір ол жағы қысқарып кетті. Естеріңізде ме, біз бұрын Италиядан, Германиядан, Нидерландыдан қаншама сапалы тауарлар алатын едік. Ол қазір жоқ. Ал, ресейліктер бізді алдап, халқымыздың қалтасын қағып жатыр.
Төлен Тілеубай: Көп ұзамай ұлттық компанияларымыз акцияларының белгілі бір пайызын қарапайым адамдарға сата бастайды. Бұл қаншалықты оң қадам және осы акциялардан халыққа қандай пайда келеді?
Арыстан Есентүгелов: Бұл – өте оң қадам. Алайда, Қазақстанда қор нарығы жақсы дамымаған. IPO дегенді қарапайым халық білмейді. Нақтырақ айтқанда, сауаты жоқ. Сөйте тұра, осыны енгіземіз дегеніміз – жөнсіз. Ол үшін ең алдымен халықтың сауатын ашуымыз керек. Ондай әрекеттерді біздің Үкімет жасап жатқан жоқ. Содан кейін, біздегі ұлттық компаниялардың, алып кәсіпорындардың қожайындары кім екенін де қара халық біле ме? Білмейді. Олардың акциясын сатып алу үшін, әр адам сол компанияның қожайынын, қаржылық әлеуетін, есебін біліп отыруы керек. Бізде ондай ашықтық жоқ. Ал жоқ нәрсеге қарап: «Акциясын қайтсең де ал», – дей алмайсың ғой. Міне, менің жауабым – осы.


Төлен ТІЛЕУБАЙ,
Астанаhttp://jasqazaq.kz/post/aldaғy-daғdarystan-tөrt-қauіp-bar

 

Жаңартылған ( 05.02.2012 19:06 )  
Мақала қызықты болса? Достарыңызбен бөлісіңіз:

Comments  

 
0 #1 Жазира 2012-02-06 05:20
қиын болған екен
Quote
 
 
0 #2 Ерик 2012-02-06 05:26
дағдарыс, дағдарыс, дағдарыс.... Тыныштық бола ма өзі?
Quote
 
 
0 #3 Реке 2012-02-06 05:28
Егер быз Аграрлык мемлекет болсак, , Онда бызге ол дагдарыстан коркуга болмайды быз 16 милион халык одан шыгугада болады деп ойлайм , халыкым не дейсындер айтындарш ,
Quote
 
 
0 #4 Ардақ 2012-02-06 05:31
біздің экономиканы ұстап тұрған мұнай мен газ, бәрі соған байланысты
Quote
 
 
0 #5 Раушан 2012-02-06 05:47
көре жатармыз
Quote
 
 
0 #6 Дина 2012-02-06 06:06
дұрыса, халықтың сауатын ашу керек
Quote
 
 
0 #7 Жанар 2012-02-06 06:13
аграрлық мемлекетпіз деп айта алмаймын
Quote
 
 
0 #8 ова 2012-02-06 06:28
шенеуніктеріміз шынымен де біліксіз, үлкен мәселелерді шеше алмайды
Quote
 
 
0 #9 super 2012-02-06 08:14
kazinadan bolgen ak4a talan taraj bolip jatir. :eek: dain emespiz :cry:
Quote
 
 
0 #10 lara 2012-02-06 08:38
я кымге сенемыз неге сенемыз улкен сурак , арине мунайдан баска ,
Quote
 

Пікір қосыңыз

Проза

АЛАР (әңгіме)

 

 

quot;times new roman

quot;times new roman

Келушілер

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін376
mod_vvisit_counterКеше483
mod_vvisit_counterОсы аптада859
mod_vvisit_counterӨткен аптада3785
mod_vvisit_counterОсы айда9672
mod_vvisit_counterӨткен айда15461
mod_vvisit_counterБарлығы82246

Online (20 minutes ago): 14
Your IP: 38.107.179.213
,
Бүгін: Мамыр 20, 2012

Біздің серіктестер

 

Интернет портал

 

 

Келушілер

mod_jvcounter mod_jvcounter mod_jvcounter mod_jvcounter mod_jvcounter
14
432
14
9450
59679
38.107.179.213
20-05-2012 18:16:20
6
0
6

Сіздің жарнамаңыздың орны!