
БҰҰ-ның бас хатшысы Пан Ги Мун Африка елдерінің басшыларын гейлер мен жыныстық ұстанымы өзгеше адамдарды кемсітпеуге шақырды.
Кеше Эфиопияның астанасы Аддис-Абебада өткен Африка Одағы елдерінің саммитінде сөйлеген Пан Ги Мун "гейлерді екінші деңгейдегі адамдар немесе қылмыскерлер деп санауды қою керек" деді. Оның айтуынша, Африка елдері өздерінде ұзақ уақыт жыныстық бағыты өзге адамдарды кемсіту мәселесі жоқ деп келген, тіпті ол тақырыпта сөз болмайтын. Әйтсе де, бас хатшы Африка елдеріне мұнымен күресудің қиын болатынын жеткізді. Пан Ги Мунның бұл мәлімдемесіне Африка елдерінің жетекшілері әзірге ешқандай пікір білдірген жоқ.
Көптеген АФрика елдерінде өзгеше жыныстық бағытты ұстануға тыйым салынған және шіркеулерде оған қарсы насихаттар жүргізіледі.
Екі күнге созылатын саммитте Африка Одағы елдері комиссиясының жаңа басшысы сайлануы керек.
| < Алдыңғы | Келесі > |
|---|



















Comments
RSS