Амалым қайсысы?..

Баспаға жіберу
Қолданушылардың рейтингісі: / 0
ЖаманыЖақсысы 

Студент деген халықтың жағдайы бесенеден белгілі ғой. Қалтада көк тиын жоқ, қарын аш. Есесіне көңіл тоқ. Содан «жүрген аяққа жөргем ілінеді» деп, қарынның қамымен әпкемнің үйіне тартып отырдым. Аты Ерке, әкемнің кенже қарындасы, менен үш жас үлкендігі бар. Бүгін сонда қондым. Сол әпкемнің қойнында жатып, не түрлі ойға кеттім дейсіз ғой?! Балғын шақтың бейнелері көз алдымда тізбектеліп, кіршіксіз ақ жүрек балалықтың үзік-үзік сюжеттері созалаңдап біразға дейін ұйықтатпады.

… Кішкентай кезімде әжем­нің үйінде жиі болатынмын. Сонда ғой, осы әпкеммен күн ұзақ үй бетін көрмей ойнайтынымыз. Түске дейін «үй тігу» деп аталатын ойын болады. «Чк, чк, чк деп үй жинапты да, сосын шай ішіпті. Сосын гүрк, гүрк, гүрк сиыр сауыпты» деп ойынды қыздыра түсеміз. Күн тас төбеде шақырайып тұрған мезетте «кеттік өзенге» деп Балқыбек өзеніне жүгіреміз. Әжеміздің бас орамалын міндетті түрде алып шығамыз үйден. Себебі, орамалдың екі жағынан керіп ұстап тұрып, өзімізше «балық аулаймыз». Күн деген ми қайнатардай болып басыңнан өтіп кеткен, екі бет өрт. Содан бесін ауғанша, яғни бұзау іздеу деген «мемлекеттік» жұмысқа дейін құмқайрақ пен балшықты илеп, көк балдырдан доп жасап, суда шалпылдатеееп жатқанымыз. Үсті-бас­тан сау тамтық жоқ, бет-ауыз жарылып кеткен. Сөйтіп май топырақты борпылдатып бұзау із­деуге жөнелеміз. Ол «қа­расан келгірді» (әжеден үйренгеніміз ғой) табаның­нан таусыла іздеп, әзер дегенде табамыз ғой тау мен тасты кезіп жүріп. Содан «әйт, шүу жануарым» деп құйрығынан сығымдай ұс­тап алып, шамаң жеткенше қаттырақ бұрап-бұрап жібереміз. Батырыңа да жан керек. Шаба жөнеледі ойнақтап. Сүйретіп келеді, мені мен әпке екеуіміз тапырақтап жүгіріп келе­міз. Аяқ байғұс шыдасынба, сүрініп кетіп оңбай құлап, тізеден жаралы боламыз. Енді не істеу керек? Мұндай сәтте айналаң да шыр-шыр, пыр-пыр етіп секіріп жүрген бәкшек, шегірткені қапысын та­уып бас саламыз. Басын қысамыз. Бәкшек ауызынан қоңыр сұйықтық бөледі. Сол сұйықтықты «иод» деп тіземізге жапырақпен таңып алып, әрмен қарай шаба жөнелеміз… «Қашан үлкееен боламыз екееен...» деп армандайтынбыз… Сөйтіп құлдыраңдап ша­уып жүргенде уақыт та өт­ті, заман келбеті де өзгер­ді. Әпке оқуға кетті. Басқа өмірді көрді. Ақпараттық вирустардың сан түрі санасын сансыратып, соның ең үлкені меңдеп алды. Ол — дін! Қазір хиджап киеді. Ізінен еріп оқуға мен де бардым. Екеуіміздің ой пікіріміз бен пайымымыз мүлдем екі басқа. Ол көбінесе «ширк» деген сөзді ауызына жиі алады. Сол бәлекет сөздің кесірінен-ақ екеуіміз салғаласып, арамызда дау-дамай туындайды. Баяғы бал дәурен бала шақтың тәтті елестері ізім-қайым жоғалған. Есесіне енді жаға жыртыспасақ та, өңешімізді қыздыра дінді талқылайтын болдық.

Ол айтады:

«Домбыра күнә.»

Мен: «Қарның ашып

келгенде,

Жүрегіңді жалғауға,

Нәсіп болған бұл ағаш.

Пайғамбарды туғанда

Бесік болған бұл ағаш.

Ибраһим Қағба салғанда,

Есік болған бұл ағаш.

Мұнаралы әр жерде,

Мешіт болған бұл ағаш.

Шеберлердің қолында,

Кәсіп болған бұл ағаш.

Өзіңді халық сұпы дейді,

Боқтағаның қай ағаш?!» деп Қашаған айтқан деймін.

Ол: «Әулие, пірге сену, табыну – ширк!»

Мен: «Бала туса өзімнен, Пірлердің бітсе демінен. Шілтеннің тиіп шылауы, Асып туса өзімнен» деп Ақтамберді айтқан деймін. Осы жерде шарт сынады: «Олар да біздер сияқты пенде. Аллаһтың алдында бәріміз бірдейміз. Ол сонша пайғамбар ма еді?! Давай, онда пайғамбардан дәлелі бар хадис, құраннан сүре келтір» деп екілене түседі. Сөйтіп өнбес дау, бітпес іс болып қала береді.

Осыдан кейін әпке екеуіміздің арамыз суып кеткен сияқты. Туыс­қан­дық мейіріммен жанына жақын барсам «Ислам хақ, хиджап кию керек, жұмаққа бару үшін намаз оқу керек» деген сияқты ұзын сонар хикметтерін бас­тап кетеді. Содан қойшы… Көңілім құлазып мен қала беремін. «Осы оқу деген бәлені кім шығарды екен? Ауылымыз да түтінімізді түзу ұшырып отыра берсек болмас па екен?» деп кей-кейде ойлайтыным бар мәселені бер жағынан. Жүрегім ауырып кетеді бар ғой, бала шағымдағы балдай Еркені қайда жоғалтып алдым деп… Отырып отырып, ақырында осы әпкені «фанат» қылып қойған түрлі діни ағымдар ғой. Солар ғой уағызын айтып ұйытып, дінге кіргізген. «Сұмырай» деп жұдырығымды түйемін. Басқа амал шарғым бар ма, шарам қайсысы?..

P.S. Әпкеге келе жатқанда автобусқа түйте-түйте сақалы бар, танауының асты жылмағайдай, яғни мұрты жоқ бір аға кірді. Қырықты алқымдап қалған.Қолы қалтасында,өз-өзімен күбірлеп бірдеңе айтып тұр. Есіме Тараздағы, Атыраудағы, Ақтөбедегі жарылыстар түсіп кетіп, қорыққанымнан сол аялдамадан тез-тез түсіп кеттім… Бастысы қалтамда студенттік жол жүру билетім бар ғой.

Ая Өміртай

Пайғамбарды туғанда

Жаңартылған ( 09.02.2012 16:51 )  
Мақала қызықты болса? Достарыңызбен бөлісіңіз:

Comments  

 
0 #1 Боря былгыш 2012-02-09 17:45
Мен негызы хиджапка карсымын казакта болмаган , нарсены неге быздын когамга акелып кыргызеды турлы секталар быз араб елы емеспыз гой , енды туыскандар арасында осындай жагдайлар болып жатыр , Олардан сурасан араб тардыкы дурыс дейды, Ай бырак ата заманымызда болмаган нарсены бызге акеп кыргызып жатыр кой дейтын кожа жок буларга , Негызы быздын апалар киген хиджапты ал кыздар уйде орамал такан , Ал сыз не дейсыз осыган 8)
Quote
 
 
0 #2 Glamur 2012-02-09 18:51
borua duris aitasin. olar men solesen fanatar bolip ketkenin baikaaisin. al bul duris pa
Quote
 
 
0 #3 динара 2012-02-10 02:53
хиджапқа мен де қарсыпын, бұл қыздың қаладағы оқу орнын кінәләғаны дұрыс емес, студент болып жүрген қанша бала бар. Ал Ерке сияқты "фанат" болатын болатын қыздардың үйден алған діни сауаты дейін десем, Ая да сол үйден... Қасындағы адамдар ықпал еткен болар, не болса да, жас қыздарға айтқым келеді, мұсылман екеніңді дәлелдеу үшін хиджап немесе паранджа киюдің, Құранды жатқа білудің қажеті жоқ.
Quote
 
 
0 #4 Анара 2012-02-10 03:44
біздің факультетте де хиджап киіп кеткен қыздар көп, онысымен нені дәлелдегісі, нені көрсеткісі келетіндерін білмеймін, дәстүрімізде болмаған нәрсе. Діни сауат жоқ. Айтсам тағы ренжиді, бірақ сол қыздардың басым бөлігі ауылда өскен. Ауылда кейін діни сауатқа мән беруді қойған шығар. Бәрі отбасынан басталады
Quote
 
 
0 #5 Ажар 2012-02-10 04:26
терроризмді исламмен сипаттайды деп ренжиміз. Исламда 70 шақты ағым бар дейді, соның қайсысы дұрыс, қайсысы бұрыс түсініксіз. Исламдағы радикалды топтар шынымен де өте қауіпті. Олардан аулақ жүру керек. Дінтанушы емеспін, Исламды да жақсы білем деп айта алмаймын, бірақ ойлаймын, хиджап кимеу, намаз оқымау күнә емес. заман талабына сай өмір сүру тиіспіз. 7 ғасырда пайда болған діннің принциптерін қазіргі заманның зайырлы мемлекетінде қатар алып жүру мүмкін емес. Хиджап киюге заңмен тиым салса қарсы болмас едім, бұл құқық таптау емес, дұрыс түсініңіздер
Quote
 
 
0 #6 Бауржан 2012-02-10 05:07
Соларды айтамда оздеры не ыстеп жургенын былмейтын сиякты, кун ыстыкта тумшылап жауып дурген дурыспа ол дегенымыз гигиена га карсыгой оздеры болса тазамыз дейды,Осыган карап не дейсын
Quote
 
 
-1 #7 Ажар 2012-02-10 05:36
көйлектеріңнің етегімен көшенің кірін жинап, үйлеріне апарады. ол қандай тазалық?
Quote
 
 
0 #8 Ела Мурат кызы 2012-02-10 06:36
я оларды дьн устап журген адамдар оте сабырлы адам деп журсем бырак олай болган жок олар оздеры нерв адамдар байкадындарм ,
Quote
 
 
0 #9 Ела Мурат кызы 2012-02-10 06:38
я оларды дьн устап журген адамдар оте сабырлы адам деп журсем бырак олай болган жок олар оздеры нерв адамдар байкадындарм , :oops:
Quote
 
 
0 #10 Сакен 2012-02-10 07:21
Қандай замандар келді, діннен қорқатын бодық
Quote
 

Пікір қосыңыз

Проза

АЛАР (әңгіме)

 

 

quot;times new roman

quot;times new roman

Келушілер

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін367
mod_vvisit_counterКеше483
mod_vvisit_counterОсы аптада850
mod_vvisit_counterӨткен аптада3785
mod_vvisit_counterОсы айда9663
mod_vvisit_counterӨткен айда15461
mod_vvisit_counterБарлығы82237

Online (20 minutes ago): 15
Your IP: 38.107.179.211
,
Бүгін: Мамыр 20, 2012

Біздің серіктестер

 

Интернет портал

 

 

Келушілер

mod_jvcounter mod_jvcounter mod_jvcounter mod_jvcounter mod_jvcounter
3
433
3
9440
59669
38.107.179.211
20-05-2012 18:01:11
10
0
10

Сіздің жарнамаңыздың орны!