Вицин - сужүрек, көріксіз әрі аңғал әртіс

Баспаға жіберу
Қолданушылардың рейтингісі: / 0
ЖаманыЖақсысы 


Георгий Михайлович Вицин 1918 жылы 23 сәуірде Петроград қаласында дүниеге келген.

Актерлік шеберлікке үйренуді ол Вахтангов атындағы театр қарамағындағы театр училищесі мен МХАТ студиясынан бастаған. 1936 жылы Н.П.Хмелев жетекшілігімен театр-студиясы сахнасында өнер көрсетті. 1937 жылы әртіс Ермолов атындағы Мәскеу театрына ауысып, 1969 жылдан бері кино әртісінің театр-студиясында жұмыс істей бастады.

Георгий Вицин шығармашылығын үш кезеңге бөлуге болады. Алғашқы дебюты - Козинцевтің «Белинский» картинасында Гогольдің рөлін сомдаған сәті. Ермолов театрындағы драмалық қойылымдарда ойнап, түрлі жанрдағы фильмдердегі рөлдерді сомдап, «қосымша ойыншы» Вася Веснушкиннің бейнесімен танымал бола бастады. Кинематографқа бұл кейіпкер өзінің ұяңдығымен ғана емес, сонымен қатар, игі істер жасауды жаны сүйетінімен көзге түсті. Көп ұзамай сәтті эталон бойынша шынайы ерлікті көруге болатын «Она вас любит» атты фильміне түсті.

Көріксіз, бірақ өте бауырмал Вициннің кейіпкерлері көрерменнің көзайымына айналды. Сонымен қатар, актер детективті, тарихи, лирикалық ленталарда бой көрсетті. Козинцев «ирониясының жеңіл лебі бар» жағымды кинокейіпкер жасауды жоспарлаған. Бірақ, осы кезде Вициннің шығармашылығының екінші кезеңі, «қорқақ дәуірі» («эпоха Труса») басталды. Оның нәзік дене пішімі Бывалый-Моргунов пен Балбес-Никулинмен бірге сатиралық үштікті құрап, қоғамдағы кемістікті көрсете білді.

Георгий Вицин кинематографқа өзінің комедиядағы әріптесі Моргуновтан кейін екінші болып келді. 1945 жылы экранға Юткевичтің «Здравствуй, Москва» көп сериялы фильмі жарыққа шықты. Фильмде Вицин теміржолшы болып, кішкентай ғана рөлді сомдайды. Григорий Козинцев Вицинге Гамлет рөлін беруді жоспарлап жүргенде, Гайдай киноларында Вициннің комедиялық рөлдерін көріп, қатты таң қалған. Театрдағы драмалық рөлдерде ойнап, көзге түскен актер 10 жылдық тәжірибесінің барына қарамастан комедияны таңдауға бел буды.



Вициннің Қорқағы коммуналды үйден шыққан зиятты сүйгіш, күмәншыл азамат болды. Кейінгі барлық кейіпкерлері осы кейіпкер сияқты портфель көтерген, көзілдірік пен галстук таққан аңғал болды. «Джентельмены удачи» фильмінде актердің сотталған адамның бейнесін асқан шеберлікпен алып шығатынын ешкім күтпеген еді. Басын жіпке асқан қарлыққан дауысты қылықты Вициннің кейіпкері сол заманда қоғамға ой тастай білді. Өкінішке орай, оған екінші жоспардағы рөлдер аз ұсынылды. «Не может быть!» комедиясында әкенің рөлін сомдаған ол өзінің эксцентрика мен гротеск шебері екенін, түрлену өнерінің майталманы екенін дәлелдеді. Алайда таза комикке көп жандар жоғары баға бере алмады. Мультфильмдерді дыбыстаудың хас шебері Вицин өз даусымен көп еңбек етті. Салынған және қуыршақ кейіпкерлеріне ол Станиславскийдің жүйесіне сүйене отырып, шығармашылығының осы бір бөлігіне өте жауапты қараған. Алайда бұл бетпердесі Вицинге шығармашылық ізденісте кедергі келтіргенімен, көрермендердің есінде оны дарынды комедиялық актер ретінде қалдырды. Соңғы рөлі 1994 жылы "Хаги-Траггер" фильмінде болды.

Өмірінің соңғы 7 жылында ол киноға түспей, көрермендердің алдына шығып, киноактер театрының әзіл-оспақ концерттеріне қатысты. Ғұмыр бойы ол йогомен айналысты. Алайда, йога актердің денсаулығына кері әсерін тигізді.

КСРО Халық әртісі 2001 жылы 22 қазанда ауыр науқас салдарынан бұл дүниеден озды. Соңғы сұхбаттарының бірінде Вицин былай деген: «Халайық, әбігерге түспеңіздер. Өмір деген өте көп уақытты алады».



Актер жайлы естелік
2008 жылы 26 шілдеде Зеленогорск қаласының мәдениет және демалыс саябағында қаланың 460 жылдығы мен Вициннің 90 жасқа толу мерейтойына арнап, Георгий Вициннің құрметіне ескерткіш орнатылды. Мүсін актердің «Женитьба Бальзаминова» фильміндегі Бальзаминов рөлі образында жасалған. Сонымен қатар, жанына атақты үштіктің тағы екі кейіпкері Юрий Никулин мен Евгений Моргуновтың құрметіне ескерткіш орнату жоспарланды.
1973 жылы «Центрнаучфильм» киностудиясында «Георгий Вицин» фильм-портреті түсірілді (режиссёр Владимир Томберг).

Фильмография

Жаңартылған ( 27.01.2012 16:10 )  
Мақала қызықты болса? Достарыңызбен бөлісіңіз:

Comments  

 
0 #1 Роналдо 2012-01-27 19:07
я Бундай актерлар 100жыл быр рет туады,
Quote
 
 
0 #2 Макпал М 2012-01-27 19:12
Бул актер быздын есымызде мангы калады , ен кызык жеры ол ГарШок алган жеры ен астынан :lol:
Quote
 
 
0 #3 Саят Ж 2012-01-27 19:32
Жок ен кьзьк жеры ол кавказкая басы 180 градус айналганы, ХаХи :D
Quote
 

Add comment

Проза

АЛАР (әңгіме)

 

 

quot;times new roman

quot;times new roman

Жаңалықтар

Келушілер

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін42
mod_vvisit_counterКеше440
mod_vvisit_counterОсы аптада1529
mod_vvisit_counterӨткен аптада2639
mod_vvisit_counterОсы айда7993
mod_vvisit_counterӨткен айда7812
mod_vvisit_counterБарлығы39759

Online (20 minutes ago): 13
Your IP: 38.107.179.213
,
Бүгін: Ақпан 23, 2012

Біздің серіктестер

 

Интернет портал

 

 

Келушілер

mod_jvcounter mod_jvcounter mod_jvcounter mod_jvcounter mod_jvcounter
179
389
1299
8304
17653
38.107.179.213
23-02-2012 02:05:48
10
0
10

Сіздің жарнамаңыздың орны!


Соңғы ақпарат