Алғашқы әлеуметтік SALAMWORLD мұсылман желісі құрылады

Баспаға жіберу
Қолданушылардың рейтингісі: / 0
ЖаманыЖақсысы 


Ыстамбұлда 40-тан астам елден келген ықпалды ислам әлемінің қоғам қайраткерлері мұсылман salamworld әлеуметтік желісінің келешегі мен перспективаларын талқылады.

Сарапшылардың пікірінше, әлеуметтік желінің болашағы, адамдарды ортақ қызығушылықтар мен құндылықтардың айналасына біріктіретін жобаларға байланысты.

Аталмыш мұсылман әлеуметтік желісінің алғашқы бүкіләлемдік саммиті Түркияның премьер-министрі Режеп Тайып Ердоғанның құттықтау сөзімен басталып, Малайзияның бұрынғы премьер-министрі Махатхир Мұхаммад пен Ливия уақытша кеңесінің басшысы Мұстафа Абдул Джалил баяндамаларымен жалғасты.

Саммитте қазіргі кезде мұсылмандардың ықпалды әлеуметтік медиа-қорының жоқ екенін және Salamworld күллі мұсылман қауымына ортақ құндылықтар мен мұраттар айналасына біріктіруші рөлінде қызмет ететіні және оның жетістікке жетуіне үміттің зор екендігі айтылды.

Salamworld жобасының жетекшісі, Ресейлік қоғам қайраткері Абдул-Вахед Ниязов өз сөзінде мұсылмандарға арналған қоғамдық желінің құрылу себептеріне тоқталып, Salamworld-ты құру идеясы өткен жылы маусымда Астана қаласында өткен Ислам Ынтымақтастығы Ұйымының кезекті сессиясында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың сөйлеген сөзі кезінде туындағанын баса айтты.

Сондай-ақ самитте «жастардың дінге және Ислам мәдениетіне деген қызығушылығын оятатын, сонымен қатар мұсылмандық рухани құндылықтарды кеңінен тарататын жаһандық деңгейдегі интернет-порталдың керек екені жайында болған баяндамаларда Salamworld-тың құрылуы өз кезегінде бұған зор септігін тигізеді деген пікірлер айтылған болатын.

Сонымен қатар Ниязов, бұл жобаның саясатқа араласпауы және интернет қолданушылармен тікелей байланыста болып, олардың сауалдарына тұрақты жауап беру үшін жоба жетекшілері қолдан келгеннін барлығын жасайды деді. Сондай-ақ «бұл жобаның артында ешқандай да саяси күштер тұрған жоқ, бірақ біз түрлі елдердің басшыларынан қолдау және түсіністікпен қарауын күтеміз. Жобаны құруға 12 елден талантты жас мұсылмандар қатысуда. Бұл жобаны біз бірінші кезекте мұсылмандарға арнап құрдық», - деді.

Salamworld қоғамдық желісінің жабық режимде іске қосылуы үстіміздегі жылы рамазанға жоспарлануда. «Мұсылмандық Фейсбук» атанып кеткен Salamworld көптеген сарапшылар тарапынан, интернет қолданатын мұсылман қауымға жеткілікті дәрежеде көңіл бөлінбейтін қазіргі кездегі қоғамдық желілердің мұсылмандық баламасы ретінде қаралуда.

 

Жаңартылған ( 22.02.2012 18:49 )  
Мақала қызықты болса? Достарыңызбен бөлісіңіз:

Comments  

 
0 #1 Дана 2012-02-23 10:50
әлем деген сөздің ағылшынша емес, араб немесе басқа тілдегі аудармасын қолданулары керек еді. Және күллі мұсылман әлемінің ортақ мүдделері аз ба деп ойлаймын. Өйткені, арабтардың, қазақтардың, түріктердің дінге деген қатынастары бөлек
Quote
 
 
0 #2 мадина 2012-02-23 14:44
Quoting
әлем деген сөздің ағылшынша емес, араб немесе басқа тілдегі аудармасын қолданулары керек еді. Және күллі мұсылман әлемінің ортақ мүдделері аз ба деп ойлаймын. Өйткені, арабтардың, қазақтардың, түріктердің дінге деген қатынастары бөлек

иа, мысалы salamalem :lol:
ойлаған істері жалпы жақсы екен, тек бұл ислам төңірегінде дау-дамай шығатын алаңға айналмаса болды. исламды әр-кім әр түрлі түсінеді және бір-бірімен бұл жөнінде келісе бермейді
Quote
 

Пікір қосыңыз

Проза

АЛАР (әңгіме)

 

 

quot;times new roman

quot;times new roman

Келушілер

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін363
mod_vvisit_counterКеше483
mod_vvisit_counterОсы аптада363
mod_vvisit_counterӨткен аптада3786
mod_vvisit_counterОсы айда9659
mod_vvisit_counterӨткен айда15461
mod_vvisit_counterБарлығы82233

Online (20 minutes ago): 14
Your IP: 38.107.179.214
,
Бүгін: Мамыр 20, 2012

Біздің серіктестер

 

Интернет портал

 

 

Келушілер

mod_jvcounter mod_jvcounter mod_jvcounter mod_jvcounter mod_jvcounter
432
443
4039
9436
59665
38.107.179.214
20-05-2012 17:59:47
7
0
7

Сіздің жарнамаңыздың орны!