Герольд БЕЛЬГЕР: БҰЛАР ҚАЗАҚИЯДА ТҰРА МА, ҚАЙДА ТҰРАДЫ?

Баспаға жіберу
Қолданушылардың рейтингісі: / 0
ЖаманыЖақсысы 

Герольд БЕЛЬГЕР:  
– Соңғы жылдары қазақ баспасөзінің сапалы серпін байқатқанын айтуым керек. Жақсы журналистер бой көрсетіп келеді. Әсіресе мені көреген, азулы, саяси және әлеуметтік жағынан алымды, індетіп жаза алатын жас қыз-келіншектердің қарымы қатты таңырқатып жүр. Мен «Қазақ», «Жас қазақ», «Түркістан», «Жас алаш», «Дат», «Халық сөзі», «Дала мен қала», «Алаш айнасы», «Айқын», «Қазақ әдебиеті» газеттерін тұрақты түрде оқып тұрамын. Онда біздің қоғамдық өміріміздің барлық қырын қамтитын салмақты, терең, өткір, өзекті, тарихи-әлеуметтік мәселені қозғайтын мақалалар көптеп басылады және осының бәрін орыстілді газеттердің өңі түгілі түсінде де қозғамайтыны өте өкінішті. Бұдан біздің мемлекетімізде «сенікі менікі түсінбейді» дейтін екі мемлекет, тұрғындардың екі табы қатар өмір сүретін сияқты әсер туады. Тіпті орыстар мен орыстілділер Қазақия елінде емес, басқа бір планетада өмір сүріп жатқан жоқ па осы деген ой туады. Солардың көпшілігінің қандай қоғамда тұратыны туралы түсініктері де жоқ сияқты. Олар тұмсығының астында не болып жатқанымен шаруасы жоқ, қараңғы қоймада өзін бөлектеп, оқшаулап алған данышпан секілді өмір сүреді. Бәрінен және бүкілінен өзін-өзі бөлектеп алып, нақтылы емес кеңістікте мағынасыз бос өмір сүріп жүргендер секілді.
Тап осы тәуелсіздік деп аталатын жылдарда осындай сезім менің жанымды жабырқатып, жай таптырмайды. Мәселе өткір, мен оны жаным шырқырағанша көріп, сезіп отырмын, ол болса тіпті тереңдеп барады, ал біздің ақылды бастарымыздың неге оны қозғап, ойланбайтыны маған түсініксіз. Уақыт өткен сайын бірқатар орыстілді газеттердің қазақ газеттеріне шолу жасауға жүгіретіні анық. Бірақ ол қандай шолулар? Мардымсыз, шолақ, үстірт, сауатсыз, менмен, біржақты, көз алдарқату үшін жасалған шолулар. Бұлай болмайды. Адамдарды топ-топқа бөліп, жіктемей, қолдан қарама-қарсы қойып салыстырмай, өзара түсіністікке бағыттап, жақындастырып, қоғамды біріктіріп, күшейте түсу керек. Қалай болғанда да көршімен қалай тұруды білу керек

http://www.halyksozi.kz/

Жаңартылған ( 22.02.2012 12:10 )  
Мақала қызықты болса? Достарыңызбен бөлісіңіз:

Comments  

 
0 #1 Анар 2012-02-22 16:58
газеттер сұранысқа ие емес, қазақ тілінің статусын телеарналар мен интернет қолданушылары арасында көтеру керек. Герольд Бельгерді оқымағандарға берер кеңесім, міндетті түрде оқыңыздар! Қазақ менталитетін керемет білетін өзге ұлт өкілі, тіпті таң қаласың
Quote
 

Пікір қосыңыз

Проза

АЛАР (әңгіме)

 

 

quot;times new roman

quot;times new roman

Келушілер

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін359
mod_vvisit_counterКеше483
mod_vvisit_counterОсы аптада359
mod_vvisit_counterӨткен аптада3786
mod_vvisit_counterОсы айда9655
mod_vvisit_counterӨткен айда15461
mod_vvisit_counterБарлығы82229

Online (20 minutes ago): 14
Your IP: 38.107.179.211
,
Бүгін: Мамыр 20, 2012

Біздің серіктестер

 

Интернет портал

 

 

Келушілер

mod_jvcounter mod_jvcounter mod_jvcounter mod_jvcounter mod_jvcounter
429
443
4036
9433
59662
38.107.179.211
20-05-2012 17:51:44
7
0
7

Сіздің жарнамаңыздың орны!