Біздің еліміз, Қазақстан Республикасы, тәуелсіз мемлекет, «өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады» (ҚР Конституциясы, 1-бап). Сондықтан да ол кезінде өз халқына қарсы жаппай репрессиялау саясатын жүргізген Кеңестік биліктің мұрагері бола алмайды.
Соған қарамастан, өкінішке орай, Кеңестік тоталитарлық жүйенің елімізде жүргізген қылмысты саясаты ғылыми негізде әрі тиесілі дәрежеде зерттеуге алынып, көпшілік қауымның назарына ұсынылмай келеді.
Георгий Михайлович Вицин 1918 жылы 23 сәуірде Петроград қаласында дүниеге келген.
Актерлік шеберлікке үйренуді ол Вахтангов атындағы театр қарамағындағы театр училищесі мен МХАТ студиясынан бастаған. 1936 жылы Н.П.Хмелев жетекшілігімен театр-студиясы сахнасында өнер көрсетті. 1937 жылы әртіс Ермолов атындағы Мәскеу театрына ауысып, 1969 жылдан бері кино әртісінің театр-студиясында жұмыс істей бастады.
Георгий Вицин шығармашылығын үш кезеңге бөлуге болады. Алғашқы дебюты - Козинцевтің «Белинский» картинасында Гогольдің рөлін сомдаған сәті.
Азаматтық қоғам – кез келген өркениетті елге тән құбылыс. Демократиялық көріністің алғышарттарының бірі әрі үзіліссіз жүріп жататын үдеріс ретінде мемлекеттің қалыптасуына ықпалы зор. Өйткені, оның негізіне мемлекеттің барлық субъектілерінің бір ізді экономикалық, саяси, құқықтық, мәдени қарым-қатынастары арқау болғандықтан, ілгерілей дамуы көп жағдайда аталмыш институттардың өзара қарым-қатынасына байланысты екені айтпаса да түсінікті. Қазақстан тәуелсіздік алған күннен бастап мемлекет пен азаматтық қоғам арасындағы әріптестік байланыстың дұрыс түзілуіне, өзара сенімділіктің орнығуына айрықша мән берді. Жан-жақты қолдау көрсетті. Бұл бағыттағы жаңғыру үдерістері кезең-кезеңмен атқарылып, азаматтық қоғам институттарының сапалы жаңа деңгейге көтерілуіне айтарлықтай ықпал етті. Сарапшылар Қазақстандағы азаматтық қоғамның қалыптасуын бірнеше кезеңге бөліп қарастырады.
Бізде заң бар. «Мәдениет туралы». Онда былай деп тайға таңба басқандай жазылып тұр: «Қазақстан Республикасы аумағына прокаттау мақсатында әкелiнген (жеткiзiлген) барлық фильмдер 2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап қазақ тiлiне аударылуы тиiс». Әрине, Қазақстан сияқты «құқықтық, зайырлы, демократиялы» мемлекетте заң талабының орындалмауы мүмкін емес. Яғни, күні ертең премьерасы болады деп күтіп отырған «Арғымақ» («Боевой конь»), әлі репертуардан түспеген «Қара алтын» («Черное золото») қазақшаға аударылып та қойды.
Мен жол туралы жазуды он төрт жасымда бастағам. Одан бері талай көктем аунады, борасындатып талай қыс өтті, талай өзен суалды, талай терек қуарды. Жол туралы талай-талай жырлар жаздым. Ержетіп, ат жалын тартып міндім, есейіп, жігіт ағасы қатарына да қосылдым.
Бір таң қаларлығы – сол он төрт жасымда ойлаған жол туралы толғамдарымнан ары аса алмаппын осы жасыма дейін. Ол кезде біз қиырдағы таулы ауылда тұратынбыз. Үйіміз мектептен алыс еді.
Өткен тойға өкпе көп немесе қыруар қаржы қайда кетті?
Әлқисса. Бұл бір іште жатқан запыран еді, байқамай сұқ саусағымды салып қалғанда ақтарылып кетті. Артық кетсем, айып етпессіздер. Былтырғының еншісінде қалғанымен, күні кешегі 2011 жылдың желтоқсанының 2-4-і аралығында Астанада ұйымдастырылуының сапасынан гөрі салғырттығы мен салақтығы басым, халықаралық деп айдар таққан аламан айтыс өтті дүркіреп.
Ежелгі грек пәлсапашысы Диоген көне шахарларды қолына шырақ алып кезіп журеді екен (400 – 325 б.э.д) Одан «неге жарық күнде қолыңызға шам ұстап жүресіз» деген сауалға ол «адамды іздеп жүрмін» деп жауап береді екен. Бірақ ол « қандай адамды іздеп жүр» бұл жайында 5 минуттық видеороликтан жауап аласыз.
Бiр қарағанда, Қазақстан соңғы жылдары өсiп-өркендеуге қол жеткiзген сияқты. Алайда сол өрлеуiмiзге қалай қол жеткiздiк деген ой келедi. Нарық заңының өтпелi кезеңiнде халқымыз ауыр күйдi бастан өткердi. Алайда “жекешелендiру” саясаты қазақ халқын тұралауға жеткiзiп, жебiрлердiң пайдасына оп-оңай шешiлдi. Өшкенiмiз жанады деп жүргенде, көп дүниемiзден айырылдық. Әрине, елде орын алып жатқан оң өзгерiстер де жоқ емес. Бiрақ сол қол жеткен жетiстiктер қоғам дамуындағы қателiктердi көлегейлеп тұр. Оны бүге-шүгесiне дейiн бiлу, бүгiнде қалыптасып отырған күрделi жағдайымызды түсiну үшiн керек.
Қазақтың сары сақарасы көшпенділер салтанатымен уақыттың әр мезгілінде құбылып отырды. Қазақтың көшпенділігі туралы зерттеушілер тамсана жазды. Жаз жайлауға, қыс қыстауға ұдайы көшумен болған ел ат үстінен түспей, жолдың ауыртпалығына қыңбай, дала шуылы мен ұлуына да төзіп, ғұмырын жолда жалғастырған. Жол жүру қазақ үшін түлеумен бірдей. Көшу мал мен жанға ыңғайлы, мединициналық болжауларсыз тән мен жанның теңдіктегі қалауын ділімен біліп орындаған. Шектеулі мен орнықты жерге қадалып қалу қорлық болатын қазақ үшін. Аспан мен жер астындағы теңдікті сақтап, үнемі күзеп, түлеп отырған дүйім халықтың көшіп отыруы маңызды өмірлік тенденция. Мекен ауыстыру, жаңалау, жаңарту, құбылу, құлпыру. Сайын дала күрес алаңына айналған әнебір аңғырт ғасырда сол қыры мен сай саласының сырын білетін халық жасырынып жүріп жан сақтады,